ремонт и благоустройство объектов водоснабжения населенных пунктов
"Таза су"
АШ
Айтенова Шолпан Дулатовна
03 Sep 2025 07:22
Описание
Хромтау қаласы Актөбе облысының ең ірі өндірістік орталықтарының бірі болып табылады. Қалада хром кенін өндіру және өңдеу кәсіпорындары орналасқан, бұл аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлкен үлес қосып отыр. Алайда өндірістің ауқымды көлемі экологиялық ахуалға, соның ішінде ауыз судың сапасына айтарлықтай әсер етуде. Қазіргі таңда тұрғындарды орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесі бар болғанымен, су сапасы әрқашан санитарлық нормаларға сәйкес келе бермейді. Судың құрамында ауыр металдардың, тұздардың, нитраттардың және басқа да зиянды қоспалардың болуы халық денсаулығына қауіп төндіреді. Әсіресе балалар, қарттар және созылмалы аурулары бар азаматтар үшін таза ауыз суға қолжетімділіктің маңызы өте жоғары. Халықтың көп бөлігі қауіпсіздік мақсатында бөтелкедегі суды сатып алуға мәжбүр. Алайда бұл қарапайым отбасылар үшін айтарлықтай қаржылық ауыртпалық әкеледі. Мысалы, төрт адамнан тұратын бір отбасы орта есеппен айына 1,5 мың теңгесін, ал жылына шамамен 10-11 мың теңгесін ауыз суға жұмсайды. Бұл қаражат әр отбасының әлеуметтік жағдайына кері әсерін тигізіп отыр. Сонымен қатар, қаланың әлеуметтік нысандарында — мектептерде, балабақшаларда, ауруханаларда — ауыз су сапасын тұрақты бақылау мүмкіндігі шектеулі. Бұл балалардың денсаулығына тікелей қауіп төндіреді. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, сумен байланысты аурулардың көбеюі экономикалық шығындарға да, әлеуметтік тұрақсыздыққа да алып келеді. Қазіргі уақытта Хромтауда ауыз суға байланысты ауқымды әлеуметтік жоба жоқ. Жеке кәсіпорындар бөтелкедегі су өндірісін жолға қойғанымен, бұл тек коммерциялық мақсатта жүзеге асырылып отыр. Яғни, тұрғындардың таза суға тегін немесе төмен бағамен қол жеткізу мүмкіндігі шектеулі болып қалуда. Осыған байланысты қала тұрғындарын қолжетімді әрі сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі өткір тұр. Әсіресе әлеуметтік тұрғыдан әлсіз топтар үшін — көпбалалы отбасылар, зейнеткерлер, мүмкіндігі шектеулі жандар. Бұл мәселенің шешімдерінің бірі — «Таза су » әлеуметтік жобасын жүзеге асыру. Жоба аясында қаланың әртүрлі аудандарына заманауи сүзгілермен жабдықталған су колонкалары орнатылып, тұрғындарға тегін таза су ұсынылады. Судың сапасы үнемі бақыланып, ашық түрде жарияланып отырады. Жобаның іске асуы мынадай негізгі проблемаларды шешуге бағытталады: тұрғындардың денсаулығын қорғау; отбасы бюджетіне түсетін ауыртпалықты азайту; әлеуметтік теңдікті қамтамасыз ету; экологиялық жауапкершілікті арттыру;
Место расположения объекта
Жобаны іске асыру орны: Қазақстан Республикасы, Актөбе облысы, Хромтау қаласы
Оценочное число пользователей будущего объекта
7000
Прикрепленные файлы
Ввиду того, что за проект могут проголосовать только жители города Хромтау необходима проверка Вашей геолокации.
- Комментарии (0)